Дана Уайт бұл кездесу жоспарланбағанын айтты

Дана Уайт бұл кездесу жоспарланбағанын айтты

Испаниялық Marca басылымының журналисі Ирати Прат Илия Топурия мен Ислам Махачев арасындағы жекпе-жек бастапқыда Ақ үйде өтетін UFC турнирінде жоспарланғанын хабарлады, деп хабарлайды  Prosports.kz Allboxing.ru сайтына сілтеме жасап.

Алайда бұл айқас өтпейтін болды. Оның орнына Топурия жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуін америкалық Джастин Гейджиге қарсы қорғайды.

Сонымен қатар UFC президенті Дана Уайт UFC 326 турнирі алдындағы баспасөз мәслихатында бұл ақпаратты жоққа шығарды. Оның айтуынша, Махачев пен Топурия арасындағы жекпе-жек мүлде жоспарланбаған.

«Бұл дұрыс емес. Ислам мен Топурияның жекпе-жегі жоспарланған жоқ. Қандай жекпе-жектер болатынына алаңдамаңыздар, бәрін өзіміз жариялаймыз», — деді Уайт.

Ұйым басшысы сондай-ақ Махачевтің қолынан жарақат алғанын айтты. Бірақ жарақаттың қаншалықты ауыр екені және оның қашан қалпына келетіні туралы нақты ақпарат бермеді.

Журналист Праттың мәліметінше, Топурия мен Махачев арасындағы келіссөздер өткен аптада ғана басталған. Тіпті жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек өткізу туралы келісімге де келген. Алайда Махачевтің командасы жұма күні UFC-ке файтердің 14 маусымда Ақ үйде өтетін турнирге қатыса алмайтынын хабарлаған.

Айта кетейік, 14 маусымда Ақ үйде өтетін UFC турнирінің кард тізімі UFC 326 турнирі кезінде ресми түрде жарияланған. Бұл кеште алты жекпе-жек өтеді деп жоспарланған.

Шара Буллет Рио-де-Жанейрода жекпе-жек өткізеді

О’Мэлли Ақ үйдегі турнирде кез келген қарсыласпен шығуға дайын екенін айтты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или