Компания екі жылда кемінде 12 турнир өткізуді жоспарлап отыр

Компания екі жылда кемінде 12 турнир өткізуді жоспарлап отыр

PGL компаниясының бас директоры Сильвиу Строе Counter-Strike 2 турнирлерін дамыту жоспары туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ұйым басшысы алдағы уақытта ірі чемпионаттарды ұйымдастыратын басқа операторлармен бәсекені күшейтуді көздеп отырғанын жеткізді. Оның айтуынша, жаңа жоспар компанияның осы киберспорттық дисциплинаға жасаған ең үлкен инвестициясы болмақ.

Строенің сөзінше, екі жыл ішінде кемінде 12 турнир өткізу жоспарланған. Бұл жобаларға жалпы сомасы 22 миллион доллардан кем емес қаржы бөлінеді. Оның пікірінше, бұл ұсыныс командалар, ойыншылар және киберспорт қауымдастығы тарапынан қолдау табуы тиіс.

Сонымен қатар ұйымдастырушылар үздік командаларды тарту үшін арнайы бонустық жүйе қарастырған. Бұған дейін PGL 2027–2028 жылдарға арналған Counter-Strike 2 бойынша негізгі LAN-турнирлердің кестесін жариялаған болатын.

Жоспар бойынша жыл сайын турнирлерді өткізуге шамамен 11 миллион доллар жұмсалады. Оның ішінде 6 миллион доллар командаларға нәтижелеріне қарай бөлінеді, 2,2 миллион доллар VRS рейтингі бойынша шақыруды қабылдағаны үшін бонус ретінде беріледі, ал 2,8 миллион доллар турнир трансляцияларының көрілім көрсеткіштеріне байланысты төленеді.

BOOM MOUZ командасының басты проблемасын айтты

Қазақстанда алғаш рет ұлттық киберспорт чемпионаты ұйымдастырылады


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или