Қазақстан құрамасының шабуылшысы «Локомотив» қақпасына дәл соққы жасады
Дүйсенбі күні Ресей Премьер-лигасында екі матч өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазір Мәскеуде жергілікті «Локомотив» Станислав Черчесов баптайтын грозныйлық «Ахматты» қабылдап жатыр.
Кездесу барысында қонақтар 2:1 есебімен алда келеді. «Ахмат» сапындағы голдардың бірін Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Максим Самородов соқты.
Айта кетейік, бұл қазақстандық футболшының қатарынан екінші матчтағы голы. Өткен турда Самородов мәскеулік ЦСКА қақпасына да гол соғып, «Ахматқа» 1:0 есебімен жеңіс сыйлаған еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или