Ақмарал Ерекешева Alem Cup халықаралық турнирінде дебют жасады

Ақмарал Ерекешева Alem Cup халықаралық турнирінде дебют жасады

Көркем гимнастикадан Астанада өтіп жатқан Alem Cup халықаралық турнирінде Қазақстанның жасөспірімдер арасындағы тұңғыш әлем чемпионы Ақмарал Ерекешева өнер көрсетті. Бұл Ақмаралдың ересек санатындағы алғашқы халықаралық жарысы, деп хабарлайды Prosports.kz.

8 наурыз күні бәсекеде Қазақстан ұлттық құрамасының көшбасшысы Айым Мейіржанова, ересектер сапына енді ауысқан Ақмарал Ерекешева және Италия, Канададан келген спортшылар шығыршық пен доп жаттығуында бақ сынады.

«Шығыршық жаттығуында мансабымдағы ең жоғары ұпайымды (29 ұпай) алдым. Бірақ әлі де жаттығуымды күшейтетін тұстар баршылық. Ал Астана төріне келген Италия мен Канада спортшыларымен бірге сайысқа түсіп жатқаныма қуаныштымын. Олардың да өнерін бақылаймын. Себебі қарсыластарымның халықаралық аренадағы көрсеткіштері жоғары», - деді Ақмарал Ерекешева.

Бұған дейін Ақмарал Ерекешева ересектер санатында тек отандық деңгейде өнер көрсетті. Елордалық спортшы 2026 жылдың ақпан айында Шымкентте өткен ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатында топ жарған болатын.

Айта кетейік, Alem Cup халықаралық турнирінің 9 наурыз күнгі бағдарламасында спортшылар ұршық пен лента сайысымен жарысты тәмамдайды.

Милад Карими әлем кубогы кезеңінде тағы бір жүлде алды

Астанада көркем гимнастикадан халықаралық турнир өтіп жатыр

Биатлоннан әлем кубогының кезеңіне қатысатын әйелдер құрамасы белгілі болды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или