Манарбек Ихсановты еске алуға арналған халықаралық турнирдің жеңімпаздары белгілі болды

Манарбек Ихсановты еске алуға арналған халықаралық турнирдің жеңімпаздары белгілі болды

Бокстан Астана қаласында 5-9 наурыз аралығында өткен жастар арасында ҚазКСР чемпионы Манарбек Ихсановты еске алуға арналған дәстүрлі халықаралық турнирі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

5 күнге жалғасқан халықаралық додада 2010-2011 жылдары дүниеге келген жасөспірімдер 14 салмақта жүлде жиынтығын сарапқа салды.

Айта кетейік, бәсекеге Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және еліміздің 20 өңірінен келген 300-ге жуық жас боксшы қатысты.

Жеңімпаздар:

  • 44 келі. Азамат Бектемір (Астана қ.)
  • 46 келі. Асылжан Алпан (Ақмола обл.)
  • 48 келі. Александр Смагин (Ақмола обл.)
  • 50 келі. Харун Есенжан (Атырау обл.)
  • 52 келі. Бақдаулет Құралбай (Жамбыл обл)
  • 54 келі. Бехруз Омаров (Тәжікстан)
  • 57 келі. Елмурат Кукенов (Қырғызстан)
  • 60 келі. Арыстан Ходжибаев (Жамбыл обл.)
  • 63 келі. Нұртас Әлімбай (Жамбыл обл.)
  • 66 келі. Бекет Сағызбаев (Қарағанды обл.)
  • 70 келі. Даниал Аймаханов (Ақтөбе обл.)
  • 75 келі. Диас Нұрмағанбет (Шымкент қ.)
  • 80 келі. Емил Оспанов (Шымкент қ.)
  • +80 келі. Асанәлі Дарбаев (Ақмола обл).


Жалпы есепте Жамбыл мен Ақмола облысынан ең көп 3 чемпионнан шықса, көршілес Қырғызстан және Тәжікстан өкілдері де 1 алтынмен үйлеріне қайтты.

Қазақстандық боксшы Таиландтағы турнирдің 1/16 финалына шықты

Қазақстандық боксшының келесі қарсыласы белгілі болды

Сұлтан Заурбек WBO рейтингінен шығып қалды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или