«Астана» легионері клуб сапындағы мерейтойлы матчын өткізді
«Астананың» 38 жастағы футболшысы Марин Томасов мерейтойлы матчын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстан Премьер-лигасының бірінші турында өткен талдықорғандық «Жетісуға» қарсы кездесуде елордалық клубтың ойыншысы клуб сапындағы 300-ші ойынын өткізді.
Хорватиялық футболшы аталған матчтың (4:1) 52-минутында гол соқты.
Айта кетейік, хорватиялық жартылай қорағушысы елордалық клуб сапына 2017 жылы қосылды. Осы уақыт аралығында ол 123 гол соғып, 113 нәтижелі пас шығарып берді.
«Астана» өз алаңында «Жетісуды» жеңді
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или