Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Еуропа кубогында 16 медаль еншіледі

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Еуропа кубогында 16 медаль еншіледі

Түркияның Анталия қаласында аяқталған дзюдодан Еуропа кубогында Қазақстан жасөспірімдер құрамасы табысты өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, екі күнге созылған жарыста қазақстандықтар 6 алтын, 3 күміс және 7 қола медаль жеңіп алды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды.

Атап айтқанда, Бекарыс Құдайберген (-50 кг), Баубек Ахмет (-60 кг), Бекали Еркен (-73 кг), Әділжан Жаудинов (+90 кг), Фатима Сұпығалиева (-52 кг), Інжу Жұмажан (-57 кг) өз салмақ дәрежелері бойынша чемпион атанды.

Сондай-ақ Расулхан Ғабит (-60 кг), Еркеназ Сембек (-57 кг), Тоғжан Төлеубай (+70 кг) күміспен күптелді.

Ал Әділжан Нұрбекен (-50 кг), Ерік Үсенов (-66 кг), Нұралы Мәулетхан (-73 кг), Шыңғыс Қонысбек (-90 кг), Ердәулет Жұмабай (+90 кг), Адия Жұмахмет (-40 кг), Зере Талғатқызы (-48 кг) үздік үштікке ілікті.

Жасөспірімдер додасына 21 елден 550 дзюдошы қатысып, бақ сынады.

Қазақстан Аустриядағы Гран-приді аяқтады

Қазақстандық дзюдошылар гран-при қоласына таласты

Ғұсман Қырғызбаев пен Шерзод Давлатов Аустрия Гран-приінің жартылай финалында

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или