Ержан Еренқайыпов Ислам ойындарының жүлдесінен айырылды
Допинг дауына іліккен қазақстандық дзюдошы Ержан Еренқайыпов 2025 жылғы Ислам Ынтымақтастығы ойындарындағы (7–21 қараша, Эр-Рияд, Сауд Арабиясы) күміс жүлдесінен қағылды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Халықаралық дзюдо федерациясы оның 66 келідегі нәтижесін ресми түрде жойды. Бірақ, ұйымның ресми сайтында 33 жастағы астаналық спортшының нақты тесттен өтпегені туралы ешқандай ақпарат жоқ.
Сауд Арабиясында өткен доданың финалында отандасымыз Өзбекстан спортшысы Замохшари Бекмуродовқа жол берген еді.
Қазақстандық дзюдошы допинг дауына ілікті
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или