Елена Рыбакинаның Индиан-Уэллс турниріндегі келесі қарсыласы анықталды

Елена Рыбакинаның Индиан-Уэллс турниріндегі келесі қарсыласы анықталды

Сейсенбі, 10 наурыз күні қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 3-орын) АҚШ-тағы Indian Wells Open турнирінің үшінші айналымында украиналық Марта Костюкпен (28-орын) кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Аталған кездесу Қазақстан уақытымен 08:00-де басталады. 

Елена Рыбакина Indian Wells Open турниріндегі алғашқы матчында америкалық Хейли Баптистті (43-орын) 7:6, 2:6, 6:2 есебімен жеңген болатын. Ал Марта Костюк турнирдегі алғашқы ойынында тағы бір америкалық теннисші Тейлор Таунсендті (86-орын) 6:3, 6:2 есебімен ұтқан.

Айта кетейік, Рыбакина мен Костюк бұған дейін төрт рет кездескен. 3:1 есебімен қазақстандық теннисші алда келеді.

Елена Рыбакина Индиан-Уэллстегі жарыстың үшінші кезеңіне шықты

Индиан-Уэллс турнирі: Бублик жұптық сында жарыс жолынан шықты

Қазақстандық теннисші Индиан-Уэллс турнирінің ширек финалына жолдама алды


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или