ҚПЛ-2026: 1-тур матчтарына 48 301 жанкүйер жиналған

ҚПЛ-2026: 1-тур матчтарына 48 301 жанкүйер жиналған

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасы бірінші турындағы сегіз кездесуге 48 301 жанкүйер жиналғаны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әр матчқа орташа есеппен 6 038 адам келген. «Ордабасы» мен «Ертіс» кездесуіне ең көп 16 800 жанкүйер жиналса, «Оқжетпес» – «Елімай», «Қызылжар» – «Каспий» кездесулерінде ең аз 1 500 жанкүйер жиналған.

  • 1. «Ордабасы» – «Ертіс» (2:2) – 16 800 жанкүйер;
  • 2. «Астана» – «Жетісу» (4:1) – 10 001;
  • 3. «Қайсар» – «Жеңіс» (1:1) – 9 000;
  • 4. «Ақтөбе» – «Тобыл» (4:1) – 5 000;
  • 5. «Алтай» – «Қайрат» (0:1) – 2 700;
  • 6. «Атырау» – «Ұлытау» (0:0) – 1 800;
  • 7-8. «Оқжетпес» – «Елімай» (1:1) – 1 500;
  • 7-8. «Қызылжар» – «Каспий» (2:1) – 1 500.


Айта кетейік, екінші тур ойындары 16-17 наурыз күндері өтеді. Бірінші турдан кейін «Ақтөбе», «Астана», «Қызылжар» клубтары алғашқы үштікте келеді.

«Астана» өз алаңында «Жетісуды» жеңді

«Ордабасы» мен «Ертіс» нәтижелі тең ойын көрсетті

ҚПЛ-2026 маусымындағы матч 0:0 есебімен аяқталды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или