Мейірім Нұрсұлтанов WBC нұсқасы бойынша көш бастап тұр

Мейірім Нұрсұлтанов WBC нұсқасы бойынша көш бастап тұр

Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) барлық салмақ дәрежелері бойынша жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (20-0, 11 КО) жаңартылған рейтингте орта салмақтағы әлемнің үздік боксшылары тізімінде бірінші орнын сақтап қалды. Ал бұл салмақтағы чемпиондық белбеу доминикандық боксшы Карлос Адамеске тиесілі. 

Қоса кетейік, Мейірім Нұрсұлтанов WBC рейтингінің топ-15 тізіміндегі Қазақстаннан жалғыз боксшы. 

Ол соңғы рет 2023 жылдың қараша айында шаршы алаңға шығып, Ташкентте (Өзбекстан) чилилік Хулио Аламосты жеңген еді.

32 жастағы қазақстандық боксшының кәсіпқой мансабында 20 жеңіс (оның 11-і нокаутпен) және бірде-бір жеңіліс жоқ.

Zuffa Boxing ұйымының алғашқы чемпионы белгілі болды

Сұлтан Заурбек WBO рейтингінен шығып қалды

Қазақстандық боксшының келесі қарсыласы белгілі болды

WBC белбеуінен айырылған Бивол мәлімдеме жасады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или