Дияр Нұрғожай UFC-дегі алғашқы жеңісінен кейін пікір білдірді
Жартылай ауыр салмақта UFC-де бақ сынап жүрген Дияр Нұрғожай әлемдегі ең үздік MMA промоушеніндегі алғашқы жеңісінен кейінгі жоспарлары туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
UFC 326 турнирінде Нұрғожай фаворит саналған бразилиялық Рафаэль Тобиасты жеңді.
«Жекпе-жектің аяқталғаны енді ғана, сондықтан жоспар жайлы қазір айта алмаймын. Үйге қайтып, отбасымның қасында боламын. Толық тексерістен өтемін. Менеджерім екеуміз отырып бәрін талқылаймыз деп ойлаймын. Аса қатты мазалайтын жарақатым жоқ.
Осы мүмкіндікті пайдаланып, командама үлкен алғыс айтқым келеді. Бұл жолы Денвердегі Pound-for-Pound жаттығу залында жаттықтым. Онда UFC-де төбелесіп жүрген көптеген танымал файтерлер бар. Партерде көп жұмыс істеп, соққымның техникасын жақсарттым. Жекпе-жек бәрін көрсетті. Алға жылжу бар екенін байқауға болады. Қазіргі уақытта IQ мен шеберлігімнің тек 10-15%-ын ғана көрсеттім. 2026 жылы тағы бір жеңіске жетемін деп ойлаймын және UFC-де мүмкіндігінше ұзақ қалғым келеді», - деді Дияр жекпе-жектен кейінгі баспасөз мәслихатында.
Еске сала кетейік, Дияр Нұрғожай UFC-тегі алғашқы екі жекпе-жегінде жеңіліп қалған еді.
Дияр Нұрғожай UFC-дегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді
UFC турнирінің басты жекпе-жегінде Холлоуэй мен Оливейра кездесті