Қазақстан Аустриядағы Гран-приде алғашқы ондыққа кірді
Қазақстандық дзюдошылар Австрияның Линц қаласында өткен Гран-при турнирінде екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
81 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Әділет Алмат ел қоржынына алтын медаль салды. Шерзод Давлатов (60 келі) қола медаль алды. Қазақстан медальдар тізімінде тоғызыншы орын алды.
Жапония құрамасы турнирде үш алтын, екі күміс және үш қола медаль еншілеп, көш бастады. Бразилия бір алтын, екі күміс және үш қола медаль жеңіп алып, екінші орын алды. Әзірбайжан бір алтын, бір күміс және екі қола медаль қоржынға салып, үздік үштікті аяқтады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или