Новак Джокович ерекше рекорд орнатты
Новак Джокович маусымды алғашқы Masters турнирінде жеңіспен бастады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Ол Индиан-Уэллстің екінші айналымында әлемнің 57-ракеткасы Камил Майхржакты 4-6, 6-1, 6-2 есебімен жеңді.
Бұл сербиялық теннисшінің осы санаттағы турнирде кем дегенде бір матчта жеңіске жеткен 22-рекордтық маусымы. Оның бұл сериясы 2005 жылы басталды.
Джокович бұған дейін Гаэль Монфис және Рафаэль Надальмен бірге кем дегенде бір Masters турнирінде жеңіске жеткен ең көп маусымды бөліскен.
Енді 24 дүркін «Үлкен дулыға» чемпионы әлемнің 72-ракеткасы Александр Ковачевичпен кездеседі.
Индиан-Уэллс турнирі: Бублик жұптық сында жарыс жолынан шықты
Елена Рыбакина Индиан-Уэллстегі жарыстың үшінші кезеңіне шықты
Қазақстандық теннисші Индиан-Уэллстегі турнирді сәтті бастады