Данай Шайков Канадада жеңісті матч өткізді

Данай Шайков Канадада жеңісті матч өткізді

Қазақстандық қақпашы Данай Шайков ойнайтын Гатино Олимпикс командасы Квебек хоккей лигасының (Канада) тұрақты маусымында өз алаңында Val-d'Or Foreurs командасын жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойын 2-1 есебімен аяқталды.

Қазақстандық қақпашы Данай Шайков негізгі құрамда шығып, өз қақпасына бір гол ғана жіберді.

60 ойыннан кейін Гатино командасы Батыс конференциясында сегізінші орында тұр.

Биылғы маусымда 18 жастағы қазақстандық қақпашы канадалық клуб үшін 44 ойын өткізді.

Квебектің жасөспірімдер хоккей лигасы (QMJHL) - Канада хоккей лигасын (CHL) құрайтын үш лиганың бірі.


Жеңіліс табады деп болжанған «Барыс» Қытай айдаһарларына қарсы есепті теңестірді


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или