«Астананың» экс-футболшылары Ресейде атой салды

«Астананың» экс-футболшылары Ресейде атой салды

«Астананың» бұрынғы ойыншылары Назми Грипши мен Джеффри Чинеду Ресей Премьер-лигасының 20-шы турындағы «Матчтың үздік ойыншысы» атағын жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Грипши Ресей чемпионы «Краснодар» командасына қарсы матчта голдардың бірін соғып, «Рубиннің» 2:1 есебімен жеңіске жетуіне көмектесті. Чинеду «Динамо Махачкалаға» қарсы екі гол соғып, «Крылья Советовқа» 2:0 есебімен жеңіс әкелді.

Еске сала кетейік, Назми Грипши 2025 жылғы маусымда Қазақстан Премьер-лигасының ең үздік сұрмергені болды, 26 матчта 16 гол соғып, алты пас берді. Джеффри Чинеду өткен маусымда «Астана» сапында ҚПЛ-да 26 матч өткізіп, 11 гол соғып, екі пас берді.


«Милан» — «Интер» матчының тағдырын бір гол шешті

Ла Лига: «Барселона» сырт алаңда үш ұпай олжалады

Мессидің голы командасының жеңісіне көмектесті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или