Қазақстандық боксшы Таиландтағы турнирдің 1/16 финалына шықты

Қазақстандық боксшы Таиландтағы турнирдің 1/16 финалына шықты

Қазақстандық боксшылар Таиландтың Бангкок қаласында алғаш рет өтіп жатқан Futures Cup U-19 халықаралық турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Марал Төлепберген 54 келі салмақ дәрежесінде 1/16 финалда шотландиялық боксшы Роузи Суэйлспен кездесіп, оны 5:0 есебімен сенімді түрде жеңді. Осылайша, Марал Төлепберген 1/8 финалға өтті және медаль үшін күресуді жалғастырады, ал Роузи Суэйлс бұл турнирдегі өнерін аяқтады. 

Айта кетейік, Қазақстан намысын Futures Cup турнирінде он тоғыз спортшы (ерлер 10 және 9 қыз) қорғайды.

Сұлтан Заурбек WBO рейтингінен шығып қалды

Қазақстандық боксшының келесі қарсыласы белгілі болды



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или