Хорватиялық жартылай қорғаушы тарихи межеге жетті

Хорватиялық жартылай қорғаушы тарихи межеге жетті

«Астана» клубының хорватиялық жартылай қорғаушысы Марин Томасов Қазақстан Премьер-лигасының 2026 жылғы бірінші турындағы «Жетісуге» қарсы матчта елордалық команда сапындағы 300-ойынын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

38 жастағы футболшы бұл кездесуде алаңға капитандық таңбамен шықты. Осы көрсеткіштің арқасында Томасов «Астана» тарихында клуб үшін ең көп матч өткізген ойыншылардың үштігіне енді. Transfermarkt дерегіне сәйкес, бұл тізімде бірінші орында 444 ойынмен Абзал Бейсебеков тұр. Екінші орында Қазақстан құрамасының бұрынғы қақпашысы Ненад Эрич — 318 матч.

Марин Томасов «Астана» сапында 2017 жылдан бері ойнап келеді. Осы уақыт аралығында ол 122 гол соғып, 113 нәтижелі пас берген. Өткен маусымда ҚПЛ-де 25 матчқа қатысып, 12 гол және 10 нәтижелі пас авторы атанды.

Елорда клубына ауысқанға дейін хорватиялық футболшы «Задар», «Хайдук», «Риека», Германияның «Мюнхен 1860» және Сауд Арабиясының «Аль-Наср» клубтарында өнер көрсеткен.

«Атырау» мен «Ұлытау» гол соға алмады

«Қайрат» бапкері – КПЛ-2026-ның алғашқы матчына пікір білдірді


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или