«Қайсар» мен «Жеңіс» тең тарқасты

«Қайсар» мен «Жеңіс» тең тарқасты

Қызылордалық «Қайсар» мен астаналық «Жеңіс» Қазақстан Премьер-лигасының 2026 жылғы маусымындағы бірінші тур матчында тең нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қайсар Арена» стадионында өткен кездесуге Қостанайдан келген бас төреші Санжар Искаков жетекшілік етті. Ойынның басында бастама көбіне қонақтар жағында болды. Олар шабуыл ұйымдастырып, қарсылас қақпасы маңында бірнеше жартылай мүмкіндік жасады.

Алайда есепті алаң иелері ашты. 45-минутта Никола Цуцкичтің айып алаңына асырған пасынан кейін Адилет Кенесбек дәл соққы жасап, командасын алға шығарды.

Екінші таймда екі команда да сақ ойнап, қауіпті сәттер сирек болды. Матчтың тағдыры 84-минутта шешілді. Исламбек Қуаттың соққысынан кейін доп Нияз Идрисовқа тиіп, «Қайсардың» қақпасына кірді.

Осылайша екі команда да ҚПЛ-2026 маусымын тең нәтижемен бастап, бір ұпайдан иеленді.

«Атырау» мен «Ұлытау» гол соға алмады

«Қайрат» бапкері – КПЛ-2026-ның алғашқы матчына пікір білдірді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или