ҚПЛ-2026 маусымындағы матч 0:0 есебімен аяқталды

ҚПЛ-2026 маусымындағы матч 0:0 есебімен аяқталды

Қазақстан Премьер-лигасының 2026 жылғы маусымындағы бірінші турда «Атырау» жезқазғандық «Ұлытаумен» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч «Түркістан Арена» стадионында өтті. Кездесуге Өскеменнен келген бас төреші Александр Затуланың жетекшілігіндегі төрешілер бригадасы қызмет етті.

Ойын барысында қонақтар допты көбірек бақылағанымен, қауіпті сәттер жасау жағынан қиындыққа тап болды. Ал номиналды алаң иелері бастаманы қарсыласқа беріп, сирек шабуыл ұйымдастырды. Нәтижесінде кездесуде гол соғылмай, матч 0:0 есебімен тең аяқталды.

Осылайша екі команда да ҚПЛ-2026 маусымын тең нәтижемен бастап, бір ұпайдан еншіледі. Кездесудің соңына қарай «Ұлытау» құрамынан Малиқайдар 87-минутта қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или