Қазақстандық гимнаст кермедегі жаттығуда күміс медаль иеленді

Қазақстандық гимнаст кермедегі жаттығуда күміс медаль иеленді

Қазақстандық гимнаст Милад Карими Бакуде өтіп жатқан спорттық гимнастикадан әлем кубогы кезеңінде тағы бір медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл жолы спортшы кермедегі жаттығу бойынша финалда күміс жүлдегер атанды. Шешуші кезеңде Карими 15.033 ұпай жинап, тек Тайбэй спортшысына жол берді. Ол 15.366 ұпаймен бірінші орын алды. Ал үшінші орын колумбиялық гимнастқа бұйырды — 14.400 ұпай.

Бұл сында тағы бір қазақстандық спортшы Дияс Тойшыбек төртінші нәтиже көрсетті. Оның ұпайы — 13.900.

Еске салайық, бұған дейін Милад Карими еркін жаттығуда да күміс медаль жеңіп алған болатын. Сонымен қатар бүгін ат снарядындағы финалда Нариман Курбанов бесінші орын алса, Зейнолла Идрисов жетінші нәтижемен жарысты аяқтады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или