Америкалық боксшы The Ring белбеуі үшін жекпе-жек өткізгісі келеді

Америкалық боксшы The Ring белбеуі үшін жекпе-жек өткізгісі келеді

Бірінші жартылай жеңіл салмақтағы WBO чемпионы Шакур Стивенсон The Ring журналының бос тұрған чемпиондық белбеуі үшін жеңіл салмаққа қайта оралуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz allboxing.ru сайтына сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта америкалық боксшы The Ring рейтингісінде жеңіл салмақта бірінші орында тұр. Осы белбеуге үміткер атану үшін ол рейтингте екінші орында тұрған әрі IBF чемпионы саналатын Рэймонд Мураталламен кездесуі керек.

Стивенсон Джо Роганға берген сұхбатында жеңіл салмаққа қайта оралу мүмкіндігін жоққа шығармайтынын айтты. Оның сөзінше, The Ring белбеуі оған ерекше ұнайды, сондықтан бұл титул үшін жекпе-жек өткізуге дайын.

Рэймонд Мураталла жуырда ғана олимпиада чемпионы Энди Крусты жеңіп, өз титулын сәтті қорғады және Стивенсонмен кездесуге ниет білдірген. Ал Стивенсон биыл қаңтар айында Теофимо Лопесті жеңіп, бірінші жартылай жеңіл салмақта WBO белбеуін иеленген. Бұдан кейін ол жеңіл салмақтағы WBC титулынан айырылған еді.

Стивенсон Мураталланы жақсы боксшы деп бағалап, бірақ басты мақсат қарсылас емес, дәл The Ring чемпиондық белбеуін жеңіп алу екенін атап өтті.

Сұлтан Заурбек WBO рейтингінен шығып қалды

Қазақстандық боксшының келесі қарсыласы белгілі болды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или