Петропавл клубы «Каспийді» 2:1 есебімен жеңді

Петропавл клубы «Каспийді» 2:1 есебімен жеңді

Қазақстан Премьер-лигасының бірінші турында петропавлдық «Қызылжар» «Каспийді» 2:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу «Қарасай» стадионында өтті. Матчтың бас төрешісі ақтөбелік Саят Сүліканов болды. Ойынның басында қонақтар белсендірек көрінді. 11-минутта айып добынан асырылған пастан кейін Андре Амарал баспен дәл соққы жасап, есеп ашты. Бұдан кейін де ақтаулық команда бірнеше қауіпті сәт ұйымдастырды. Соның бірі — Диержон Ариповтың көлденең тіреуді көздеген соққысы болды.

Екінші таймда «Қызылжардың» бас бапкері Милич Чурчич бірқатар ауысым жасап, команда ойыны жандана түсті. Алдымен Этьен Бугре есепті теңестірді. Кейін Йоханнес Бьорталид жеңіс голын соғып, петропавлдық клубқа үш ұпай сыйлады.

Кездесудің соңында «Каспий» бір ойыншысынан айырылды — Тимур Мульдинов қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Осылайша «Қызылжар» жаңа маусымдағы алғашқы матчында жеңіске жетті.

«Қайрат» бапкері – КПЛ-2026-ның алғашқы матчына пікір білдірді

Қазақстандық футболшы ойнайтын команда Словакияда жеңіліс құшты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или