Ресейлік файтердің қарсыласы Эдсон Барбоса болады
UFC ұйымының орта салмақтағы ресейлік файтері Шара Буллет (Шарабутдин Магомедов) 11 наурыз күні Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында грэпплинг ережесі бойынша жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Hype FC турнирін ұйымдастырушылардың мәліметінше, Магомедовтың қарсыласы бразилиялық Эдсон Барбоса болады. Бастапқыда Шара Буллет америкалық танымал файтер Хорхе Масвидальмен кездесуі тиіс болған. Алайда 41 жастағы спортшы белгісіз себептерге байланысты жекпе-жектен бас тартқан.
Эдсон Барбоса 40 жаста. Ол UFC-дегі соңғы үш кездесуінде жеңіліске ұшыраған.
31 жастағы Магомедов өткен жылдың жазында UFC-де жеңіске жеткен еді. Ал Жаңа жыл қарсаңында Ереванда өткен Hype турнирінде қазақстандық файтер Арман Царукянмен грэпплинг жекпе-жегін өткізген. Submission Only ережесімен өткен ол кездесуде қарсыластар бір-бірін берілуге мәжбүрлей алмағандықтан, айқас тең аяқталған болатын.
Рио-де-Жанейрода өтетін жаңа жекпе-жек те дәл осы Submission Only ережесі бойынша ұйымдастырылады.