UFC файтері ерекше турнирге қатысқысы келетінін жеткізді
Бұрынғы UFC чемпионы Шон О’Мэлли Ақ үйде өтеді деп жоспарланып отырған турнирде кез келген қарсыласпен жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz «Чемпионат» басылымына сілтеме жасап.
Америкалық файтердің айтуынша, ол UFC басшылығына мұндай турнирге қатысуға толық дайын екенін жеткізген. Оның сөзінше, бұл шарада кімге қарсы шығу маңызды емес.
«Мен UFC-ке: “Ақ үйде өтетін турнирде жұдырықтасуға дайынмын. Онда кез келген қарсыласпен шығамын. Илия Топуриямен де, Ислам Махачевпен де, тіпті Хабиб Нурмагомедовпен де жекпе-жек өткізе аламын” дедім», — деді О’Мэлли өзінің YouTube-арнасында жарияланған видеода.
Еске салайық, Лас-Вегаста өткен UFC 326 турнирінде 14 маусымда өтетін келесі кештің толық кард тізімі жарияланған болатын. Сол турнирде Шон О’Мэлли канадалық файтер Айманн Захабиге қарсы жекпе-жек өткізеді. Бұған дейін бұл турнирдің кард тізімін бекітуге АҚШ президенті Дональд Трамптың өзі қатысқаны хабарланған.