Спортшының айтуынша, жекпе-жек барысында кейбір қателіктер жібергенімен, нәтижесіне риза екенін жеткізді. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында қазақстандық жанкүйерлерге алғысын білдірді.
«Ассалаумағалейкум, Қазақстан халқы! Жекпе-жек жаңа ғана аяқталды. Иә, кемшіліктер мен қателіктер болды. Бірақ жеңіске жеткеніме қуаныштымын. Барлық қолдау көрсеткен жандарға үлкен рақмет!» — деді Нұрғожай.
Еске салайық, UFC 326 турнирінде Дияр Нұрғожай Рафаэл Тобиасты төрешілердің бірауызды шешімімен жеңді. Бұл жеңіс қазақстандық файтер үшін кәсіби мансабындағы 11-жеңіс әрі UFC-дегі алғашқы жеңісі болды.
UFC турнирінің басты жекпе-жегінде Холлоуэй мен Оливейра кездесті