Астанада көркем гимнастикадан ALEM CUP халықаралық турнирлерінің ауқымды сериясы өтіп жатыр

Астанада көркем гимнастикадан ALEM CUP халықаралық турнирлерінің ауқымды сериясы өтіп жатыр

Qazaqstan жеңіл атлетика кешенінде көркем гимнастикадан алғаш рет ALEM CUP халықаралық турнирлерінің ауқымды сериясы өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жарыстың алғашқы күні «ASTANA CUP» және «ALEM BABY CUP» бәсекесімен ашылды. Бұл жерде 4 жастан бастап 15 жасқа дейінгі спортшылар жас ерекшеліктері бойынша жеке және топтық сайыстарда жүлдені сарапқа салады. Аталмыш турнирде Қазақстанның өңірлерінен бөлек, Ресей, Армения елдері қатысып жатыр.

Доданың тағы бір ерекшілігі – көркем гимнасшыларды әділ бағалау мақсатында Қырғызстан, Өзбекстан және Әзербайжан елдерінен төрешілер шақырылды.

Айта кетейік, төрт күнге жалғасатын турнирлер сериясы мына тәртіппен өтеді:1. «FIG ALEM CUP» – 8, 9, 10 наурыз. Жарысқа Қазақстан, Италия, Кипр, Сирия, Канада және Қырғызстан елдерінен 60-тан астам лицензияланған гимнаст қатысады.«FIG ALEM CUP» – Халықаралық гимнастика федерациясының (FIG) ресми лицензиясы бар спортшылар бақ сынайтын халықаралық деңгейдегі турнир.

2. «ALEM CUP» республикалық турнирі – 9 және 10 наурызда өтеді. Бұл жарысқа Қазақстан Республикасының 200-ден астам гимнасты, спорт шеберлері бағдарлама бойынша қатысады.

3. «ASTANA CUP» және «ALEM BABY CUP» халықаралық турнирлері – 7 және 8 наурыз. Аталған жарыстарға Израиль, Ресей, Канада, Португалия, Армения және Қазақстаннан шамамен 800 гимнаст қатысады. Турнирлер барлық жас санатын қамтиды – ең жас қатысушылардан бастап жоғары разрядтағы спортшыларға дейін, оның ішінде алғашқы жарысына қатысатын гимнастар да бар.



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или