Елена Рыбакина Индиан-Уэллстегі жарыстың үшінші кезеңіне шықты

Елена Рыбакина Индиан-Уэллстегі жарыстың үшінші кезеңіне шықты

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 3-ші орында) Индиан-Уэллстегі (АҚШ) турнирді жеңіспен бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Рыбакина екінші кезеңде америкалық Хейли Баптистпен (43-ші орында) кездесті. Матч үш сетке созылып, 7:6, 2:6, 6:2 есебімен Еленаның пайдасына аяқталды.

Еске сала кетейік, Елена Рыбакина 2023 жылы Индиан-Уэллс титулын жеңіп алған болатын.

Биылғы турнирдің жүлде қоры 9 415 725 долларды құрайды. Жеңімпаз 1 511 380 доллар және 1000 рейтингтік ұпай жинайды.


Қазақстандық теннисші Индиан-Уэллстегі турнирді сәтті бастады


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или