Дияр Нұрғожай UFC-дегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Дияр Нұрғожай UFC-дегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Қазақстандық файтер Дияр Нұрғожай (10-2) АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен UFC 326 турнирінде бақ сынады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Нұрғожай бразилиялық дебютант Рафаэль Тобиаспен (14-1) кездесті. Жартылай ауыр салмақтағы жекпе-жек үш раундқа жоспарланған болатын. Шайқас аяғына дейін соызылып, нәтижесінде қазақ спортшысы төрешілер шешімімен сенімді жеңіске жетті. 

Осылайша, Дияр Нұрғожай өзінің он бірінші кәсіби жекпе-жегінде жеңіске жетті, ал Рафаэль Тобиас кәсіби MMA-дағы екінші жеңілісіне ұшырады. Бұл Нұрғожайдың UFC-дегі алғашқы жеңісі болды; ол бұған дейін екі рет жеңіліске ұшыраған еді. 

Қоса кетейік, Диярға дейін 2026 жылы Қазақстан атынан Николай Веретинников пен Әліби Ыдырыс UFC алаңына шығып, екеуі де қарсыластан басым түскен еді. 


Ақ үйдегі UFC жекпе-жегі ресми жарияланбай жатып тоқтатылды

Слипенко: «Махачевтің жеңіске жетуі 50/50»

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или