Допингпен ұсталған Руслан Валиуллин әзірге жаңа клуб тапқан жоқ

Допингпен ұсталған Руслан Валиуллин әзірге жаңа клуб тапқан жоқ

Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы Руслан Валиуллин өткен маусымнан кейін «Қызылжармен» қоштасқан соң қай клубта ойнайтыны туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Футболшының айтуынша, қазір ол ешбір клубпен келісімшартқа отырған жоқ. Қазіргі уақытта жаңа команда іздеп жүр. Сонымен қатар шетелдік клубтардан ұсыныс болса, қарастыруға дайын екенін, бірақ әзірге Қазақстанда қалуы мүмкін екенін айтты.

31 жастағы сол қаптал қорғаушысы әр жылдары «Ақжайық», «Ақтөбе» және «Тобыл» клубтарында өнер көрсеткен. Өткен маусымды «Қызылжар» сапында өткізіп, Қазақстан Премьер-лигасында 18 матчқа қатысып, екі нәтижелі пас берген.

Валиуллин 2021 жылы Қазақстан ұлттық құрамасы сапында төрт ойын өткізіп, екі гол соққан. Кейін допингке байланысты екі жылға дисквалификация алып, 2023 жылы кәсіби мансабын қайта жалғастырды. Қазіргі таңда Transfermarkt порталы футболшының нарықтық құнын 225 мың еуро деп бағалайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или