Қазақстандық дзюдошы Гран‑при кезеңінің чемпионы атанды
Қазақстандық дзюдошы Алмат Әділет Австриядағы Гран‑при кезеңінде 81 кг салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ол ақтық сында әзербайжандық Вусал Галандарзадені иппон жасап жеңіп кетті. Осы жолда Алмат Әділет алты жекпе-жек өткізіп, Молдова, Бразилия, Эстония, Әзербайжан және Сербия спортшыларын жеңіп шықты. 21 жасар қазақ дзюдошы үшін бұл алқа мансабындағы ең ірі жетістік болып отыр.
Бұл Қазақстан құрамасының қоржынындағы екінші жүлде. Күні кеше 60 келі салмақта Шерзод Давлатов қола медальді жеңіп алған.
Айта кетелік, Линцтегі турнирге 59 елден 479 дзюдошы қатысып жатыр. Сайыс 8 наурызға дейін жалғасады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или