Ирандықтар Мессиді құрметсіздік жасады деп айыптады
Аргентиналық футболшы Лионель Месси әрекеті ирандық жанкүйерлердің наразылығын туғызды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Әлеужеліде футболшыға қарсы видеолар көптеп тарай бастады. Қысқа кадрларға көз тастасақ, екі ирандық бала Мессидің Иранға құрметсіздік танытқанын айтып, оның бейнесі бар затты қоқысқа тастап жатыр. Видео Олар бұл әрекетін «Иран шәһидтерінің қанына құрмет көрсетпегені үшін» деп түсіндірді.
Оған бас себеп Мессидің 5 наурызда АҚШ президенті Трамппен кездесуі болды. Бұл Интер Миями клубының 2025 жылғы MLS CUP жеңісіне байланысты Ақ үйге жасаған ресми сапары аясында орын алды.
Айта кетелік, кездесуде Месси Трампқа 47-нөмірлі қызғылт жейде мен естелік ретінде футбол добын сыйға тартқан болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или