«Ордабасы» қайта оралған «Ертісті» сан соқтырып кетті

«Ордабасы» қайта оралған «Ертісті» сан соқтырып кетті

Қазақстан Премьер-лигасының 2026 жылғы маусымындағы алғашқы матчтар бүгін басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шымкенттік«Ордабасы» өз алаңында жоғары дивизионға қайта оралған павлодарлық «Ертісті» қабылдады.

Оңтүстік Қазақстандағы кездесу тартысты әрі нәтижелі өтті. Алаң қонақтары матч барысында екі рет алға шықты, алайда шымкенттік клуб әр жолы есепті теңестіріп бақты. Нәтижесінде ойын 2:2 есебімен аяқталды. 

Айта кетелік, «Ордабасы» негізгі уақытқа қосылған минөттерде пенальтимен гол соғып, жеңілістің алдын алды.







Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или