Португалиялық футболшы бірінші тур матчында алаңға шықты
Португалиялық жартылай қорғаушы Луиш Нани Қазақстан Премьер-лигасында «Ақтөбе» клубының сапында алғашқы ойынын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Тәжірибелі футболшы КПЛ-2026 маусымының бірінші турында «Тобылға» қарсы матчта 71-минутта алаңға шықты. Ол Даниэль Сосаның орнына ойынға қосылды.
Сол сәтте «Ақтөбе» өз алаңында 3:0 есебімен алда тұрған еді. Алаң иелері сапында голдарды Даниэль Соса 24-минутта, Айдин Зелькович 46-минутта және Тимур Досмағамбетов 68-минутта соқты.
Нани ойынға шыққаннан кейін көп ұзамай «Тобыл» есеп айырмасын қысқартты. 72-минутта қонақтар құрамынан Жаслан Жұмашев мергендік танытты. Алайда екі минуттан кейін «Ақтөбе» қайтадан үш доп айырмасын қалпына келтірді — 74-минутта Иван Ордец гол соқты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или