Бойкович Радановичке қатысты ауыр сөз айтты
Сербиялық танымал әнші Слоба Раданович жанжалдың ортасында қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл жағдай ММА файтері Марко Бойковичтің Милош Яничичтен жеңілгеннен кейінгі оқиғалардан басталды. Бойковичтің айтуынша, оның жеңілісінен кейін ұйымдастырылған мерекеде UFC файтері Александр Ракич пен әнші Слоба Раданович бірге тойлаған.
Жас спортшы әсіресе Ракичтің әрекетіне ренжігенін айтты. Дегенмен ол камера алдында Радановичке қатысты да дөрекі сөздер айтып, ашуын жасырмады.
Бұл видео әлеуметтік желілерде кең тарағаннан кейін Раданович те жауап берді. Ол өз парақшасында подкасттан үзінді жариялап, жағдайға қатысты пікір білдірді.
Әнші қысқаша ғана «Мен үнемі кінәлі болып шығамын» деп жазып, болған жағдайға деген көзқарасын жеткізді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или