Рыбакинадан жеңілген теннисші еш қиындықсыз үшінші кезеңге өтті

Рыбакинадан жеңілген теннисші еш қиындықсыз үшінші кезеңге өтті

Белоруссиялық теннисші, әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенко WTA-1000 турнирінде АҚШ-тағы Индиян-Уэллсте еш қиындықсыз 1/16 финалға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Екінші кезеңде ол жапондық Химено Сакацумені  6:4, 6:2 есебімен сенімде түрле жеңіп кетті.

Ойын 1 сағат 11 минутқа созылды, Соболенко бірде-бір қате жібермей, үш рет мықты әдістер жасады.

Ол келесі кездесуде Жаклин Кристиан (Румыния) мен Майя Джойнт (Австралия) жұбының жеңімпазымен ойнайтын болады.

Айта кетелік, BNP Paribas Open турнирі 4–15 наурыз аралығында өтеді. Қатысушылар саны – 96 теннисші. Өткен жылы ресейлік Мирра Андреева чемпион болған.2025 жылғы сыйақы қоры – $9,415,725 долларды құраған еді. 

Қазақстандық теннисші Индиан-Уэллстегі турнирді сәтті бастады





Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или