Юрий Петухов: «Барыс» «Қытай аждаһаларынан» жеңіледі

Юрий Петухов: «Барыс» «Қытай аждаһаларынан» жеңіледі

Өскеменнің «Торпедо» клубының бұрынғы президент орынбасары Юрий Петухов қытайлық «Шанхай Дрэгонс» және астаналық «Барыс» командалары арасындағы матчқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның айтуынша, «Барысқа» бұл ойында жеңіске жету қиынға соғуы мүмкін. Мамандар пікіріне сүйенсек, «Шанхай Дрэгонс» командасы өз алаңында мұзға бейімделу үрдісінен өтіп үлгерген.

Қытайлықтар  бұған дейін Шанхайдағы сол алаңда «Сибирьмен» ойнап үлгерді және бүгінгі кездесуге толық дайын күйде шығуы ықтимал.

Сонымен қатар «Барыстың» плей-оффқа(чемпиондыққа ұмтылатын командалар арасындағы финалдық кезең) шығу мүмкіндігінен айырылуы ойыншылардың психологиялық жағдайына да әсер етуі ықтимал. 

Петуховтың болжамынша, бұл матчта «Қытай аждаһалары» жеңіске жетеді.

Айта кетелік, «Шанхай Дрэгонс» — «Барыс» матчы бүгін Қытайда өтеді. Ойын Қазақстан уақытымен 16:30-да басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или