Рыбакина Дубайдағы сәтсіздіктен соң қайта алаңға шығады

Рыбакина Дубайдағы сәтсіздіктен соң қайта алаңға шығады

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан BNP Paribas Open турниріндегі алғашқы матчын 7 наурыздан 8 наурызға қараған түні өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әлемнің үшінші ракеткасы жарысты екінші айналымнан бастайды. Оның қарсыласы америкалық теннисші - Хайлей Баптайст. Кездесудің тікелей көрсетілімі Қазақстан уақытымен 00:00-де басталады.

Рыбакина мұның алдында  Dubai Tennis Championships турниріне шыққан болатын. Ол онда 1/8 финалда хорватиялық Антония Рузиске қарсы матч кезінде денсаулығына байланысты ойынды жалғастыра алмай, кездесуден бас тартқан.

Айта кетелік, ал Баптист Индиан-Уэллстегі турнирде бір матч өткізіп үлгерді. Бірінші айналымда ол колумбиялық Эмилиана Арангоны үш сетте 2:6, 6:2, 6:3 есебімен жеңді.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или