«Астана» 2026 жылғы маусымға 12 ойыншыны тіркеді
Елордадағы FC Astana клубы 2026 жылғы маусымға арналған алғашқы ойыншылар тізімін жариялады. Қазақстан Премьер-Лигасының ресми сайтында құраманың қазіргі таңда 12 футболшыны ғана тіркегені белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қақпашылар: №93 Йосип Чондрич (Хорватия), №99 Даниал Карпиков.
Қорғаушылар: №3 Бранимир Калаица (Хорватия), №5 Кипрас Казуколовас (Литва), №11 Ян Вороговский, №52 Тимур Төкенов, №71 Санжар Ануаров, №91 Айтуар Төкен.
Жартылай қорғаушылар: №8 Иван Башич (Босния және Герцеговина), №20 Ннамди Аханону (Нигерия).
Шабуылшылар: №72 Станислав Басманов, №81 Рамазан Каримов.
Команданың бас бапкері қазақстандық маман Григорий Бабаян.
Айта кетелік, өткен маусымда FC Astana Қазақстан Премьер‑Лигасы турнирлік кестесінде екінші орын алып, еурокубок жолдамасына ие болған болатын.
Қайыров пен Пасторица жарақатына байланысты матчты өткізіп алады
«Астанада» ең көп жалақы алатын футболшылар белгілі болды
Қазақстанда тағы бір стадион салынады