Анна Данилина Индиан-Уэллстегі турнирдің екінші айналымына өтті
Қазақстандық Анна Данилина сербиялық теннисші Александра Круничпен бірге Индиан-Уэллстегі турнирдің жұптық сынындағы өнерін сәтті бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бірінші айналымда Данилина мен Крунич америкалық Слоан Стивенс пен хорватиялық Донна Векичті 6-3, 6-3 есебімен жеңді.
1/8 финалда олар Людмила Киченок (Украина) мен Дезире Кравчик (АҚШ) дуэтімен кездеседі.
Биылғы жылы Индиан-Уэллс турнирінің жүлде қоры 9 415 725 доллар. Жұптық сында жеңімпаздар әрқайсысы 468 200 доллар және 1000 рейтингтік ұпай жинайды.
Қазақстандық теннисші АҚШ-тағы турнирдің екінші айналымында жеңілді
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или