Руслан Мадиевтің келесі қарсыласы белгілі болды
Қазақстандық боксшы Руслан Мадиевтің (18-2-1, 6 КО) келесі жекпе-жегіндегі қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Мадиев рингке 4 сәуірде Таиландтың Бангкок қаласында шығады. Irfin Promotions компаниясының мәліметі бойынша, оның қарсыласы «Жолбарыс» лақап атымен танымал франциялық Флоран Дерви (14-3, 9 КО) болады. Русланның WBA Asia жартылай орта салмақтағы титулы сарапқа салынады.
Мадиев кейінгі жекпе-жегі өткен жылдың 4 қазанында Бангкокта өтті, онда ол намибиялық боксшы Абеда Шиконгоны (12-1-1, 7 КО) төрешілер шешімімен жеңген болатын.
Ал Флоран Дервиге келетін болсақ, ол 7 ақпанда Тайланд астанасында жергілікті боксшы Киттисак Клинсонды (11-3-1, 7 КО) нокаутпен жеңді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или