Тұңғышбай Еркебұлан жаңа клубқа ауысты

Тұңғышбай Еркебұлан жаңа клубқа ауысты

Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы Еркебұлан Тұңғышбай 2026 жылы ойнайтын клубымен еңбек келісімін жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Тоқтарбай жаңа клубқа ауысты, бірақ атауын әзірге жария қылған жоқ.

«Келісімшартқа қол қойдым, алайда қай клуб екенін әзірге айта алмаймын. Бірақ бұл белгілі КПЛ клубы, тосын дүние бола қоймайды» деді футболшы.

Айта кетелік, 31 жастағы оң қанатты шабуылшы 2025 жылы «Ордабасы» сапында 14 матч өткізсе (1 гол, 1 пас), кейін «Иртыш» клубына ауысып, 11 ойында 9 гол соққан. Ол Қазақстан ұлттық құрамасында 12 матчқа қатысып, 1 гол соққан.






Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или