Мбаппе «Манчестер Ситиге» қарсы алаңға шықпайды
Килиан Мбаппе «Реал» сапында «Манчестер Ситиге» қарсы Лига Чемпиондарының 1/8 финалының бірінші матчында алаңға шықпайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Испан журналистері Марио Кортеганы мен Гильермо Рая хабарлағандай, француздық шабуылшы бірінші ойында ғана емес, жауапты кездесуден де қалып қоюы мүмкін. Бұған дейін Мбаппеге сол тізе жарақаты диагнозы қойылған еді.
Осы маусымда Мбаппе «Реал» сапында 33 матчқа шыққан, 38 гол соғып, 6 результативті пас берген.
Айта кетелік, бірінші матч Мадридте 11–12 наурызға қараған түні өтсе, жауапты ойын Манчестерде 17–18 наурызда өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или