Слипенко: «Махачев жеңіліс табуы да мүмкін»
Бұрынғы ACA чемпионы Виталий Слипенко Ислам Махачев пен Майкл Моралес арасындағы ықтимал жекпе-жекке баға берді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жеңімпаз олардың мүмкіндігін тең деп есептеді. Ресейлік маманның айтуынша, бұл кездесуде екі спортшының мүмкіндігі 50/50-ге пара-пар.
«Бұл жекпе-жектегі мүмкіндікті 50 де 50 деп бағалар едім. Бірақ бұл Ислам үшін оңай айқас болмайды» деді Слипенко.
Айта кетелік, Ultimate Fighting Championship (UFC) турнирінде Махачев пен Моралес 11 шілдеде кездесуі мүмкін деген ақпарат тарады. Махачевтің рекордында 28 жеңіс және бір жеңіліс бар, ал Моралес 19 жекпе-жектің барлығында жеңіске жеткен болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или