WBC белбеуінен айырылған Бивол: «Маған бұл маңызды емес!»

WBC белбеуінен айырылған Бивол: «Маған бұл маңызды емес!»

Жартылай ауыр салмақта (79,4 кг дейін) әлем чемпионы Дмитрий Бивол WBC титулынан айырылуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Боксшы ұйым белгілеген мерзімде америкалық Дэвид Бенавидеске қарсы міндетті титул қорғау жекпе-жегін өткізуге келіспеген. Соның нәтижесінде World Boxing Council (WBC) оның белбеуін алып қойған еді.

«Мен оған қатты мән беріп, Канелоға қанша уақыт міндетті жекпе-жек тағайындалмағанын есептеп жүрген жоқпын. Бұлар маған тым аз уақыт ішінде тауып қойыпты. Жарайды, ештеңе етпейді.Бұған көп мән бермеуге тырысамын. Ең бастысы титулды өз күшімен жеңіп алғанмын. Одан кейінгісі маған маңызды емес» деді Бивол.

Айта кетелік, бұған дейін ұйым Биволды белбеуден айырған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или