Нганну PFL-де бір ғана жекпе-жек өткізіп, ұйымымен қош айтысты

Нганну PFL-де бір ғана жекпе-жек өткізіп, ұйымымен қош айтысты

Бұрынғы UFC ауыр салмақ дәрежесінің чемпионы Фрэнсис Нганну Professional Fighters League (PFL) ұйымының файтері мәртебесінен айырылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Лига басшылығы 39 жастағы камерундық спортшымен келісімшарттың тоқтатылғанын ресми түрде мәлімдеді. Ұйым өкілдері Нганнуға спортшы және тұлға ретінде үлкен құрмет білдіретінін айтып, мансабының келесі кезеңінде сәттілік тіледі.

Нганну PFL қатарына 2023 жылдың мамыр айында қосылған болатын. Ол лигадағы жалғыз жекпе-жегін 2024 жылдың қазан айында өткізді. PFL: Battle of the Giants турнирінде камерундық файтер Ренан Феррейраны бірінші раундта нокаутпен жеңген еді.

Жалпы аралас жекпе-жек мансабында Фрэнсис Нганну 21 кездесу өткізіп, 18 жеңіске жетті және үш рет жеңіліс тапты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или