«Аль-Наср» шабуылшысы Мадридте қалпына келіп жатыр
«Әл-Наср» клубының бас бапкері Жоржи Жезуш шабуылшы Криштиану Роналдудың жарақаттан кейін Испанияға барып ем алып жатқанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Португалиялық футболшы Сауд Арабиясы чемпионатында «Әл-Фейхаға» қарсы өткен матчтан кейін жарақат алған. Ойын барысында ол бұлшық етіндегі ауырсынуға байланысты алаңнан ерте кеткен.
Жезуштің айтуынша, медициналық тексерістен кейін жарақат бастапқыда ойлағаннан күрделі болып шыққан. Сондықтан Роналдуға толық демалыс пен арнайы ем қажет болған. Осы себепті ол Испанияға барып, Мадридтегі жеке дәрігерінің бақылауында ем қабылдап жатыр.
Бапкер Роналдудың тезірек сауығып, командаға қайта қосылады деп үміттенетінін айтты.
Айта кетейік, бұған дейін Роналду Таяу Шығыстағы қарулы қақтығысқа байланысты отбасымен бірге Сауд Арабиясынан кетіп қалғаны туралы ақпарат тараған еді. Кейін бұл мәліметті белгілі инсайдер Фабрицио Романо жоққа шығарды.