Биатлоннан Әлем кубогының кезеңі: қазақстандықтар жекелей сайыста қалай өнер көрсетті
Финляндияның Контиолахти қаласында биатлоннан Әлем кубогының кезеңі басталды.
Жарыстың алғашқы күні әйелдер арасында жекелей сайыс өтті. Аталған бәсекеге Қазақстан құрамасының үш спортшысы қатысты.
Милана Генева 83-орын алса, Дарья Климина 84-сатыға жайғасты. Ал Лаура Киныбаева жарысты 93-орынмен аяқтады.
Швециялық Эльвира Эберг жарыста жеңіске жетті. Екінші орынды оның отандасы Ханна Эберг иеленді. Ал қола жүлде словакиялық Паулина Батиста Фиалковаға бұйырды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или