Ғұсман Қырғызбаев пен Шерзод Давлатов Аустрия Гран-приінің жартылай финалында
Бүгін Аустрияның Линц қаласында басталған дзюдодан Гран-при турнирінде отандасымыз жартылай финалға жолдама алды.
Ерлер арасында -60 кг салмақта Шерзод Давлатов іріктеуде Словения, Израиль, сосын Жапония палуанынан басым түсті. Енді бүгін кешке жартылай финалда украиналық Дильшод Халматовпен күш сынасады. Осы салмақтағы тағы бір отандасымыз Аман Бақытжан жұбаныш кезеңінде Мурад Мурадлимен (Әзірбайжан) күреседі.
Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев (-66 кг) іріктеуде Бейтарап атлетті, Италия және Грузия дзюдошысын жеңді. Келесі қарсыласы - Рональд Лима (Бразилия).
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или