УЕФА «Реалға» жанкүйерлерінің нәсілшілдік акциясы үшін айыппұл салды

УЕФА «Реалға» жанкүйерлерінің нәсілшілдік акциясы үшін айыппұл салды

Еуропалық футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) мадридтік «Реалға» айыппұл салынғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ұйымның баспасөз қызметінің мәліметінше, клуб 15 мың еуро көлемінде айыппұл төлейді. Мұндай шешім Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі «Бенфикаға» қарсы өткен жауапты матч кезінде бір жанкүйердің нацистік ишара көрсетуіне байланысты қабылданған.

Сонымен қатар УЕФА-ның бақылау және тәртіптік органы «Сантьяго Бернабеу» стадионын келесі еурокубоктық үй матчтарының бірінде ішінара жабу туралы шешім шығарды.

Айта кетейік, «Реал» мен «Бенфика» арасындағы ойын 25 ақпанда өткен. Мадрид клубы 2:1 есебімен жеңіске жетті. Команда сапында Орельен Тчуамени мен Винисиус Жуниор гол соқты.

Чемпиондар лигасының 1/8 финалында «Реал» ағылшынның «Манчестер Сити» клубымен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или